Өткен жылы коронавирус инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру үшін 187,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ӘМСҚ Басқарма төрағасы Б. Төкежанов мәлімдеді.
Желтоқсандағы болжамды соманы қоса есептегенде:
- медицина қызметкерлеріне үстемақыға -110,9 млрд теңге;
- медициналық көмекке және КВИ таралуын тоқтатуға – 53,9 млрд теңге, провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарларға 384 мың адам емдеуге жатқызылды және емделді.
- ПТР диагностика қызметіне – 19,7 млрд теңге, 1,9 млн-нан астам ПТР-тест өткізілді
- мобильді бригадалар – 3,2 млрд теңге, 550 мыңға жуық шақыруға қызмет көрсетті.
«Бизнес өкілдері жарна төлеуден босатылғаны естеріңізде болар, Үкімет шараларының арқасында біз қиын жағдайларға байланысты сақтандыру мәртебесін жоғалтқан адамдарға қайтарып бердік. Қордың басты құндылықтары адамдардың денсаулығы болғандықтан, Қор айтарлықтай қаржылық шығындарға қарамастан, осындай маңызды ымыраға келді», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы.
20.01.2021
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026



